Жағымсыз әдеттен арылуымыз керек - Президент

Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайда айтты. 

«Жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп жаманнан жиерене білуіміз керек. Ұлы Абай бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол деген. Бұл ескірмейтін өсиет. Бірақ әр заманның өз сын-қатері бар. Тек былтыр 5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Қазір негізгі 5 беселмен күресуіміз керек. Алдымен есірткі саудасы. 4 мың тонна есірткі заңсыз айналымнан алынды. Жастарымыз уланып жатыр. Әсіресе, синтетикалық есірткі айналымы күшейіп тұр.  Қазір есірткі таратушыларға да қатысты заңды қатайту керек. Оны ең ауыр қылмысқа теңестіру керек. Парламентті қолдауға шақырамын. Насыбай ату да солай, оны жасағанда санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, соның ішінде онкологилық ауруларды қоздыартын заттар бар.  Өткен жылы оны өндіруге, таратуға тыйым салынды. Соған қарамастан қазір көшеде, дүкенде ашық сатылуда. Құқық қорғау органдары ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Дамыған заманда жастарымыз аузына насыбай салып қақырып-түкіріп жүр. Соны ата дәстүрі деп санайды. Бұл – мәдениетсіздік, оны тоқтату қажет. Жауапкершілік тым төмен. Сондықтан заңдарға түзету енгізу қаралуда. Енді вейп қана емес насыбайға да қатысты заң қатаңдатылмақ. БАҚ арқылы насихаттау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Біз өркениетті ел боламыз десек одан толық арылуымыз керек», - деді Президент.