Атыраудағы жаттығу орталығының құрылысы қайта жанданды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жаттығу орталығының құрылысымен танысты.

Бірер жыл бұрын істің сотта қаралуына байланысты тұралап қалған жұмыстар қайта жанданды. Оны мердігер «VEK-Stroy-Com» ЖШС жүргізуде.

Жобада үш спорт залы және қажетті инфрақұрылымы бар заманауи жаттығу орталығын  салу қарастырылған. Нысанды жыл аяғына дейін салып бітіру жоспарланып отыр.

Орталық пайдалануға берілгеннен кейін облыстағы олимпиадалық спорт түрлері бойынша құрама командалардың дайындық базасы болмақ. Мұнда күніне 200-ден астам спортшы жаттыға алады.