Сиырға соғылып көз жұмды... (+ВИДЕО)
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
24 тамыз күні сағат 22:10 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 430-шақырымы тұсында Toyota Camry автокөлігі жол бойын қиып өтіп бара жатқан сиыр малын қағып, соққы екпінімен Mercedes жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында алған дене жарақаты салдарынан қаза тауып, екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ