13 «Сәуір», 2023 232

Атырауда үйінің айналасына есірткі еккендер сотталды


Атырау қаласында екі азамат үйінің айналасына құрамында есірткі шөбін егіп, өсіргендері  үшін сотталды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласының №2 сотында екі тұрғынның құрамында есiрткi бар және  өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп, өсіргені үшін ҚК-тің 300-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтары, сараптама қорытындысы мен жедел-іздестіру шараларының нәтижелері негізінде өз дәлелін тапты. Сотталушылардың бірі кінәсін мойындаса, екіншісі тағылған айыппен келіспеді.

ҚК-тің 300-бабы 2-бөлігінің 1-тармағының санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сот жаза тағайындау барысында кінәсін мойындаған айыпталушының  шын ниетпен өкінуін, асырауында жас балаларының болуын ескерді.  Сот үкімімен сотталушылар  3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Тегтер: # Атырау # сот # есірткі