"Көрінген жерге қоқыс тастаушылардың "көмегімен" Атырау облысында 87 стихиялық қоқыс алаңы анықталып отыр" деп хабарлайды ATPress.kz
Рұқсат берілмеген аумаққа қоқыс төгу салдарынан облыста 87 стихиялық орын анықталған, оның ішінде 75 орын Атырау қаласына тиесілі.
Стихиялық алаңдар құрылыс қалдықтарын төгу салдарынан қалыптасып отыр.
"Қазіргі уақытта «АрнаулыАвтобаза» мекемесі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды.
Құрылыс қалдықтарын тазартуға 30 жұмысшы және 10 арнайы техника жұмылдырылды. Күні бүгінде аталған мекеме 35 алаңды тазартылып, 2300 тонна қоқыс шығарды" деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз-қызметі.
Фото: ашық дереккөздерден