"Атырау-Астрахан" жолы қашан қолданысқа берілмек?

Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Ведомство басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстары барысын тексерді. 

Атырау облысында "Атырау-Астрахан" жобасы аяқталуда. Қайта құру жұмыстарымен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 212 шақырымды құрайды. Мердігерлер асфальттың соңғы жоғарғы қабатын төсеуде. Құрылысқа 612 маман мен 408 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазір бұл жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтсе, жол пайдалануға берілгеннен кейін көлік қарқындылығы 75% - ға артады деп күтілуде.