ATPress.kz. 16 қаңтар. Махамбет ауданындағы Ақтоғай ауылында жалпы аумағы 20-40 шаршы метр болатын хоккей корты пайдалануға берілді.
Құрылыс мердігері жеке кәсіпкер Н. Досқайыров алаңның айналасын қоршап, корт аумағына 100 тонна су құйылуына ықпал етті.
Жаңа нысанның ашылуына орай, мектеп оқушылары арасында хоккейден «Алтын шайба» сайысы өтті. Оған Махамбет ауданы мектептерінен бес команда қатысты. Жарыс қорытындысымен Шонаев орта мектебі командасы жеңімпазы деп танылса, Қосарал, Есбол орта мектептері командалары жүлделі екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.
Ф. Қожанова,
Махамбет ауданы