Атырау мен Боржоми бауырлас қала атанды

Атырау мен Боржоми бауырлас қала атанды

Екі қаланың әкімдері кездесіп,  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Атырау әкімі бұл ынтымақтастықтың екі жаққа да тиімді екенін және жаңа құжат оны кеңейтуге мүмкіндік беретінін баса айтты. Меморандумға қол қою сәті - Боржоми күнін атап өтумен сәйкес келді, деп жазады 24.kz.

Атырау мешіттерінде оразаның алғашқы екі күнінде 5600 адамға ауызашар берілді

Атырау мешіттерінде оразаның алғашқы екі күнінде 5600 адамға ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда облыс бойынша барлық мешіттерде күніне 2800 адамға ауызашар берілуде.

Осылайша, оразаның алғашқы екі күнінде 5600 адам мешіттерде ауыз ашты.

«Оразада ауыз аштырып, сауап жинағысы келетін азаматтар, мекеме, компаниялар мешіттерге жолыға алады. Орталық «Иманғали» мешітінің өзінде күніге 500 адамға ауызашар берілуде» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Атырау облысына бас дәрігер тағайындалды

Атырау облысына бас дәрігер тағайындалды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына меритократия принципі бойынша Қайсар Абдалиев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысында «Миялы-Ақтөбе» тасжолы салынып жатыр

Атырау облысында «Миялы-Ақтөбе» тасжолы салынып жатыр

Алдағы уақытта Миялы ауылының тұрғындары Ақтөбе қаласына дейін еш қиындықсыз тікелей тас жолмен қатынайды. Бүгінде Миялы ауылынан Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шұбаршы ауылына дейінгі асфальт жол салу жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Атырау облысында 600-ден астам ит пен мысыққа чип тағылды

Атырау облысында 600-ден астам ит пен мысыққа чип тағылды

Бірінші қыркүйектен бастап, Атырау облысында 634 үй жануары чиптелді. Кей аудандарда чип салынған төртаяқтылар мүлдем аз. Атап айтқанда, Мақат, Құрманғазы мен Жылыой аудандарында бір-бір мысыққа, ал Қызылқоғада – екі итке чип тағылды, деп хабарлайды  AtyrauPress.

Атырау облысында 8 спорт нысаны салынып жатыр

Атырау облысында 8 спорт нысаны салынып жатыр

Облыста 8 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, 4 нысан қайта жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы AtyrauPress Атырау облысының  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.