Балық аулаймын деп бәлеге қалды...

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сотта анықталғандай, Ш. Жайық өзені жағалауында тыйым салынған құрал - ау торымен заңсыз балық аулағаны үшін балық инспекциясымен ұсталған.

Сот Ш.-ны ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның асырауында кәмелетке толмаған балаларының барын ескере отырып, қысқартылған тәртіпте 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ