06 Қаңтар, 2020 3409

Құтқарылған баланың анасы не дейді?

Мұз ойғына түсіп кеткен баланың анасы полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Балаларымыз ойнап жүріп, жайыққа кетіп қалған екен. Сол жайықта ойнап жүргенде малшылардан көмек сұраған. Балаларымыз аман-сау қалғаны үшін полиция қызметкерлеріне көптен көп рахмет айтамыз» - деген лебізін жеткізді.

Еске сала кетсек, 4 қаңдар күні кешкі 20:00 шамасында 4 бала Жайық өзеніндегі мұз ойығына түсіп кетті.  Суға батып бара жатқан жасөспірімдердің үшеуін Атырау  қалалық №2 полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Қуандық Сүйіндіков мен Тимур Балмағанбетов құтқарған. Ал суға батып кеткен тағы бір баланың денесі сол күні табылды.

 

ATPress.kz

 

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Құтқарылған #баланың #анасы #не #дейді