06 Қаңтар, 2020 2788

Атыраулық еріктілер ерекше челлендж бастады

Атыраудағы үйсіз жануарларды қорғайтын «Доброе сердце» қайырымдылық тобы  #animalchallengekz атты челлендж бастады.

«Бізге «басқа адамдарды жануарларға көмектесуге неге тартпасқа?» деген ой келді. Барлық жануарларды үйге апару мүмкін емес. Алайда, тұрғындар күн сайын бір дорбадан пакет алып, жануарларды тамақтандырса, бұл өте керемет болар еді», - дейді «Доброе сердце» қайырымдылық тобының мүшесі Венера Манасова.

Оның айтуынша, бұл челлендж үнемі жалғасады.

«100 теңге арқылы ит пен мысықтың өмірін құтқаруға болады. Біз барша Қазақстан тұрғындарын осы челленджге қатысуға шақырамыз. Жануарлардың қасынан өтіп кетпей, оларды тамақтандырыңыз! Сондықтан, Құлсары қаласынан басталған челленджді Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды қалаларына жолдағымыз келеді. Бір өтінішіміз, тұрғындар бұл идеяны басқа қалаларға жеткізсе екен дейміз. Біздің игі ісімізді вирус секілді таратайық!», - делінген «Доброе сердце» қайырымдылық тобының әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

ATpress.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау # челлендж