05 Қаңтар, 2020 3806

Атырауда 4 бала мұз ойығына құлап, біреуі мерт болды

4 қаңтар күні кешкі 20:00 шамасында Томарлы-2 кентінде Жайық өзені үстінде ойнап жүрген балалар мұз ойығына құлап кеткен. Алдын ала болжам бойынша 4 бала болған. 12-15 жас аралығындағы үш бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілсе, біреуі суға батып кеткен.

Алдағы  уақытта тергеу амалдары жүріп, нақты мәлімет белгілі болады.





ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырауда #4 #бала #мұз #ойығына #құлап #кетті