05 Қаңтар, 2020 3101

Нұрлан Жұмасұлтанов: Жазаны өз мойныма аламын...

Bek Air әуекомпаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың Ютуб арнасына берген сұхбаты жарияланды.

Онда  ол 27 желтоқсан күні Алматы әуежайы маңында құлаған Fokker-100 жолаушылар ұшағына қатысты және компанияға қатысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алатындығы туралы айтты.

Тілшінің «Жауапкершілікті арқалауға дайынсыз ба?» деген сауалына Нұрлан Жұмасұлтанов: «Егер Bek Air әуекомпаниясынан біреу жазалануы керек десе, жазаны өз мойныма алуға дайынмын. Өзім барып «Мені қамаңдар, басқаларға тиіспеңдер» деймін» - деді.

Әуекомпания басшысының пайымдауынша, ұшақта ақау болмаған. «Егер тұрғын-үй ұшақ жолына өте жақын салынбағанда, мұншама адам шығыны болмас еді» дейді ол. Нұрлан Жұмасұлтановтың сөзіне қарағанда, ұшақ соғылған үй бетон қоршаудан небәрі 9 метр жерде орналасқан.




ATPress.kz





Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Нұрлан #Жұманиязов #жазаны #өз #мойныма #аламын