05 Қаңтар, 2020 3070

Атыраудағы жатақхана қоршаулармен жабылды

Жақында әлеуметтік желілерде Атыраудағы жатақханаға қатысты видео тараған болатын. Автор бос тұрған үйдің қоршалмағанын және онда балалардың жүргенін айтты.

Бұған қатысты Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта үйдің төменгі қабаттарының терезелері бекітіліп, есіктері жабылды деп хабарлады. Енді сүріп тастау жұмыстары жүргізілетін болады.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы Құнанбаев көшесі 13 үйдің тұрғындары да қаладағы жаңа ықшам аудандардың бірнеше көшірілген еді. Алайда, тұрғындар үйлерінде қалған мүліктерді «өзімізбен бірген ала жүреміз» деген соң үйге кіру мүмкіндігі ашық болды», - деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

ATpress.kz

Сурет Атырау қаласы әкімдігі



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда