31 Желтоқсан, 2019 5379

Аян Дүйсембаев Маңғыстау облысы әкімінің кеңесші болып тағайындалды

Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып Дүйсембаев Аян Сәбитұлы тағайындалды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің сайтында жарияланған.

Аян Сәбитұлы 1966 жылы Атырау облысында туған, білімі жоғары, «жаттықтырушы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Атырау облысында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметінен бастаған.

1993 – 1995 жылдары Қазақ дене шынықтыру және спорт институтында мұғалім болды.

1995 – 1999 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1999 – 2019 жылдар аралығында Ішкі істер органдарында қызмет етті: Алматы, Астана, Атырау қалаларының Жедел басқармалар бастығы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде департамент бастығы, кейін Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы болды. 

Полиция генарал-майоры.

ATpress.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда