31 Желтоқсан, 2019 3119

Екінші ұшқыштың жағдайы қалай?

Денсаулық сақтауі министрі Елжан Біртанов Алматы маңында «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтты.

 «Өткен тәулікте 3 адам ауруханадан шықты. Клиникаларда 46 пациент, оның ішінде 9 бала қалып отыр. Балалардың жағдайы тұрақты, олар реанимациядан бөлімшеге ауыстырылды. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, тиісінше сапалы ем қажет. Жағдайды министрлік бақылауда ұстап отыр. Ұшақы әуеге көтерген екінші ұшқыштың жағдайы өте ауыр болғанымен тұрақты. Реанимацияда жатыр», – деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Оның дерегінше, бірнеше адамның жағдайы өте ауыр болғандықтан реанимация бөлімшесінде жатыр.



Дереккөз: 24kz

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Екінші #ұшқыштың #жағдайы