06 Желтоқсан, 2019 2196

Air Astana билеттері 2 есе жеңілдікпен сатылып жатыр


Air Astana авиакомпаниясы Жаңа жыл қарсаңында эконом классқа 30% және бизнес класс билеттеріне 50% дейінгі жеңілдіктер жариялады, деп хабарлайды авиакомпанияның баспасөз қызметі.

Науқан 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасаып, 2020 жылдың 15 қаңтары мен 31 мамыры арасында сапар шегушілер үшін жарамды. Тек бұл науқан Наурыз мейрамы қарсаңында жарамсыз. Сапардың максималды ұзақтығы - 1 ай, ал ең азы - 3 күн.

Қайта брондау мен билетті қайтару тарифтік отбасы шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Науқан екі жастан асқан балаларға қолданылмайды. Ал 2 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді.

Акция кейбір тікелей халықаралық рейстерге жарамсыз. 

Дереккөз: Holanews.kz


Atpress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда