11 Қазан, 2019 1874

Атырауда дифтариф енгізілді

Қоғамдық көліктер бүгіннен бастап дифтариф жүйесіне енгізілді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


11 қазан күні Атырау қаласы әкімінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі «Атырау қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» қаулысы заңды күшіне енген болатын.

Осыған сәйкес, бүгіннен бастап қолма-қол ақшасыз 80 теңге көлемінде төлем жасау ұялы байланыс операторларының қызметтері немесе электрондық жол картасы арқылы жүзеге асады. Ал қолма қол төлем жасағандар үшін жолақысы 150 теңге.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 100 мыңға жуық Smart Qala төлем карталары сатылған, оның ішінде 65 мыңы стандартты 35 мыңы жеңілдікке ие карталар.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #дифтариф жолақы