08 Қазан, 2019 4128

Атыраулық бойжеткен «Miss Virtual Kazakhstan» атанды

Индерлік 21 жасар бойжеткен 1500 қарсыласын артта қалдырып, жеңімпаз атанды.


Бұл туралы dender.kz сайты хабарлайды.

Байқау жеңімпазы балалық шағынан музыка әлемін жанына жақын тұтып, ән шырқап, гитарада ойнайды. Астана медициналық университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша былтыр ғана бітірген сұлу «Miss Virtual Kazakhstan» байқауының 3 кезеңінен сүрінбей өтіп, жеңіске жетті.

Арайлым, енді «Виртуалды әлем аруы» халықаралық конкурсының финалында Қазақстан атынан бақ сынап жатыр. Бүгін әлемнің түрлі елдерінен келген 20 сұлу қыз «Miss Virtual World» тәжі үшін финалдық дауыс жинауда. Олар көрермен көзайымы үшін күреседі.

Дауыс беру үшін inDriver мобильдік қосымшасында өтіп, 20 қазан күні аяқталады.

ATpress.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #Индер #