21 Қараша, 2022 2083

Мамандар балық қырылу қаупінің алдын алуда

Құрманғазыда мамандар балық қырылуының алдын алып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Әлеуметтік желіде балықтың қырылуына қатысты бейнежазбалар тарады. Осыған орай біз облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлына хабарласқан едік. Оның айтуынша, Құрманғазы ауданы Хиуаз аулында орналасқан су айдынында мамандар жаппай шабақ қырылу қаупінің алдын алуда. Аталған жерге Жайық-Каспий облысаралық бассейндік және Құрманғазы аудандық балық шаруашылығы инспекциялары мен жергілікті атқарушы орган уәкілдерінен арнайы топ құрылды. Олар аталған су айдынына барып, мәселенің мән-жайын анықтауда. Сонымен қатар, арнайы бекітілген алгоритм бойынша аудандағы табиғат пайдаланушылар балық қырылу қаупінің алдын алуға жұмылдырылуда. Сәйкесінше, құтқару жұмыстары жүргізілетін болады.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда