09 Желтоқсан, 2022 177

Атыраудың табиғаты қалай қорғалуда?

Атырау облыстық мәслихаты табиғатты қорғау іс-шараларының 3 жылдық жоспарын қабылдады.


Экожобаларға үш жыл ішінде 28,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы баяндаған Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Нұрлан Жантоқов іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында қоғамдық тыңдау өткізіліп, хаттамасы эко-порталда орналастырылғанын атап өтті.

- Іс-шаралар жоспары 7 бағытты қамтиды: атмосфералық ауаны қорғау, су объектілерін қорғау, жерді қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, қалдықтармен жұмыс істеу, басқару жүйелерін және ең озық қауіпсіз технологияларды ендіру, ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер. 2022-2024 жылдар аралығындағы жоспар жобасы 57 іс-шарадан тұрады. Бұл жобалар үшін жергілікті бюджеттен 28,8 млрд теңге қаржы қаралды,-деді Н.Жантоқов.

Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі 

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда