09 Желтоқсан, 2022 157

Атырауға ботаникалық бақ керек...

Серік Шәпкенов облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ботаникалық бақ салуды ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Мәслихат отырысын қорытындылаған облыс әкімі өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін салынатын ботаникалық бақ ғылыми-қолданбалы ұйым болуы керектігін айтты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Экология мәселесі – біз үшін өте маңызды. Ол үшін біріккен топ құрып, айналысуымыз керек. Осыған орай ботаникалық бақ құруды ұсынамын. Ботаникалық бақ аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ғылыми-қолданбалы ұйым болуы қажет. Ғылыми түрде жасыл желек егумен неге айналыспасқа? Онымен айналысу үшін Экология департаментінің лабораториялық жарақтандыру жағын жақсарту керек. Заманауи жабдықтар керек болса, жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, алып беруге дайынбыз,-деді С.Шәпкенов.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда