09 Желтоқсан, 2022 365

Атырауға атақты Хабиб келді! (+ВИДЕО)

Атырауда бокстан «Болаттай батыр бол» атты мотивациялық турнир өтті.


«Атырау» спорт кешенінде бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Барселона олимпиадасының қатысушысы, ҚР Дене шынықтыру және спорт қайраткері, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Болат Бисенұлы Теміровтің жүлдесіне арналған бокстан «Болаттай батыр бол» атты мотивациялық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, әуесқой боксшыларға сәттілік тіледі.

- Мұндай спорттық шаралар жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын, олардың салауатты өмір салтын және көзқарасын қалыптастырып, Атырау спортының дамуына өз үлесін қосып, жаңа жұлдыздардың шығуына себепші болары хақ. Осындай шаралардың көптеп ұйымдастырылуы спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар санының артуына себеп болып, күні-бүгінде 277 248 адам, яғни облыс халқының 40%-н құрап отыр. Құрметті жастар,спортшылар және жанкүйерлер! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ел намысын бірге асқақтатуға сіз бен біз болып жұмыла еңбектене берейік! Тәуелсіз еліміз жасай берсін!-деді Қ.Нұртаев.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫ ЖЕРДЕ!

Турнирге Болат Теміровпен қоса UFC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хабиб Нұрмаганбетов, жауынгерлік самбодан әлем чемпионы Ислам Махачев, бокстан әлем чемпионы Серік Сәпиев, карате шидоканнан әлем чемпионы Айдар Махметов, NFC президенті Нұрбек Қарабала арнайы шақырылды.

Жас спортшыларды намысты додаларға даярлау мақсатында өткен жекпе-жекте Астана, Ақтау, Атырау қалаларынан әуесқой 20 боксшы бақ сынасты.

Тартысты өткен дода нәтижесінде Мейірлан Әсет, Жасұлан Қазалиев, Джахар Шафхатов, Айбек Идрисов, Абылай Бітімов, Жандос Қайратов, Бекзат Бітімов және Асылхан Ұзақбаев өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жетті.

«Болаттай батыр бол» атты мотивациялық турнир облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «DOS Boxing» спорт клубының ұйымдастыруымен өткенін айта кетейік.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда