08 Желтоқсан, 2022 171

Құрманғазыда өнеркәсіптік жоспар артығымен орындалды

Құрманғазыда жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлім етті. 
Құрманғазы ауданында өнеркәсіп саласында осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд 640 млн теңгені құраса, өткен жылдың есепті кезеңінде 12 млрд 114 млн теңгені құраған.  

- Аудан экономикасының дамуының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады.  Биыл 10 айда өндірілген жалпы өнім көлемі 20 млрд 688 млн теңгені құрап, жоспар 100,6 %-ға орындалды. Ал былтыр есепті кезеңде – 18 млрд 304 млн теңгені құраған болатын. Көрсетілген мерзімдегі мал шаруашылығы бойынша өнім көлемі 12 млрд 209 млн теңгені құрап, жоспар 100,9 %-ға орындалып отыр,- деді М.Мурзиев.

Сондай-ақ аудан әкімі Құрманғазыда өткен жылмен салыстырғанда төрт түлік мал басында да өсім бар екенін жеткізді.

Atpress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда