08 Желтоқсан, 2022 184

Мұқырда жаңа спорт алаңы ашылды

Жоба «Ембімұнайгаздың» 100 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Спорт алаңында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен, тұрғындардың демалуына арналған орындықтармен қамтылған. Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында «Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 100 жыл толуына орай мұнайшылар демеушілігімен «Көпфункционалды спорт алаңы» салынып, пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алаңның ашылу салтанатында аудан әкімі Қанат Әзмұханов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

- Талай әлемдік додаларда елдің мерейін үстем етіп, көк байрағымыздың көкке көтерілуіне Мұқыр ауылының спортшылары да зор үлесін қосып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте көпфункционалды спорт алаңының салынуы – бұқаралық спорттың дами түсуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Барша тұрғындарды жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтаймын. Әрдайым салауатты өмір салтын қалыптастыратын сайыпқыран спортшылар көбейіп, елдің абыройы асқақтай беруіне тілектеспін, - Қ.Әзмұханов.

Іс-шарада «Ембімұнайгаз» акионерлік қоғамы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев пен Мұқыр ауылының тұрғыны, мұнай саласының ардагері Василий Есқалиев құттықтау тілектерін арнаса, әнші, сазгер Бақтыбай Досбосынов тамылжыта ән шырқады.

Айта кетейік, аталған спорт алаңында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен, тұрғындардың демалуына арналған орындықтармен қамтылған. Алдағы уақытта жасыл желектер отырғызылып, спорт алаңының айналасы абаттандырылатын болады.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда