08 Желтоқсан, 2022 181

Мұзға ойылып кеткен көлік шығарылды

Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен автокөлікті шығарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


7 желтоқсан күні 13:10 сағатта Атырау қаласы, Дамба ауылы, Пешной ауылдық округі тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып автокөлік мұз астына түсіп кеткені туралы шақырту түсті. Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей, оқиға орнына жеткен кезде автокөліктің жағадан 15 м қашықтықта мұз астына түсіп кеткенін анықталды.

Құтқарушылар лом арқылы мұзды ойды. Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері су астына түсіп, арқанды автокөліктің артқы дөңгелегіне байлап, автокөлікті жағаға шығару жұмыстарын жүргізді. 

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Авариялық құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД ескертеді:
- жұқа мұз үстіне шығуға;
- жұқа мұз үстінде топпен жиналуға;
- мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
- автомокөліктермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына шығуға;
- мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда