08 Желтоқсан, 2022 4229

Атырау қаласында жаңа басшы тағайындалды

Бүгін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Өмірбек Камалов тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Өмірбек Серікұлы 1976 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Атырау мұнай және газ институтын тәмамдап, технологиялық машиналар және жабдықтар бакалавры мамандығын алған. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 2013-2018 жылдары мемлекеттік қызметте қалалық дербес бөлімдерінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған бөлім басшысының қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде Өмірбек Камалов артылған сенім үшін алғысын жеткізді.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда