30 Қараша, 2022 203

Махамбет ауданында төрт ауылдық округке «Беларус МТЗ-920» тракторлары табыс етілді

Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Бүгін Махамбет аудандық әкімдігінің қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың қызметін одан әрі жетілдіру, ауылдардағы атқарылатын жұмыс көлемін оңтайландыру мақсатында Бақсай, Есбол, Бейбарыс, Ақжайық ауылдық округтеріне жаңа «Беларус МТЗ-920» тракторлары берілді.

 

Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев 4 ауылдық округтің әкімдеріне жаңа трактордың кілтін салтанатты жағдайда табыстады.



- Күні кеше мемлекет басшысы ауылдарды өркендету мәселесін ең алдыңғы міндет етіп қойғаны белгілі. Осы орайда ауылдық округтерде техникамен атқарылатын жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты оларды қажетті техникалармен, агрегаттармен қамтамасыз етуге мол мүмкіндіктер жасалуда. Соның бірі бүгі жүзеге асып, 4 ауылдық округке шаруашылық көліктері табысталып отыр. Бұл көліктер ауылдардағы көше тазалау жұмыстарына пайдаланылатын болады. Алдағы уақытта осындай көліктермен барлық ауылдық округтер қамтамасыз етіледі, - деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиев.


Тракторлар Қостанай қаласындағы «МТЗ -Қазақстан» машина жасау зауытынан жинақталған. Барлығында тіркеме мен көше сыпыратын арнайы сыпырғыш бар.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда