30 Қараша, 2022 89

Тұман мен қалың қар жауады: 1-3 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 2022 жылдың 1-3 желтоқсанында ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша ауа температурасының төмендеуі, қалың қар жаууы, желдің күшеюі, көктайғақ, тұман және бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша республиканың орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, негізінен қар түрінде болады:

  • 1 желтоқсан – оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында;

  • 2 желтоқсан – Шығыста қалың қар жауады.

 
«Республикада жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ, шығыста және орталықта – бұрқасын болады. «Қазгидромет» РМК

Синоптиктер еліміздің қай өңірінде ауа температурасының төмендеуі күтілетінін де айтты:

  • түнде республиканың батысында - 2-16-дан 5-18 аязға дейін;

  • солтүстік-батыста – 7-27-ден 14-30 аязға дейін;

  • солтүстік облыстарда – 15-28-ден 22-32 аязға дейін;

  • республиканың орталығында – 5-20 аяздан 13-30 аязға дейін;

  • республиканың шығысында – 15-35-тен 22-37 аязға дейін;

  • оңтүстікте - 3-12-ден 8-17 аязға дейін;

  • оңтүстік-шығыста – 1-22-ден 8-28 аязға дейін.

Сурет: pixabay


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда