30 Қараша, 2022 130

Атыраулық журналистер - "Шаңырақ" байқауының жеңімпаздары атанды

Сынға түскен 45 журналистің ішінде «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің тілшілері – Надежда Шильман бірінші және Амандық Сағынтайұлы екінші орындарды иеленді.


Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жалпы, байқау дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру мақсатында өткізілді.

Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік авторлар іріктелді.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Абдрахманов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Қ. Майгельдинов, ҚХА Журналистер клубының төрағасы А. Кеңесұлы, журналистер, республикалық және облыстық БАҚ тілшілері қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов журналистер қызметінің маңыздылығын айта келе, әсіресе этносаралық қатынастарды, сонымен қатар қазақстандық келісімнің ерекше үлгісін насихаттауда ықпалы зор екендігіне назар аударды. ҚХА Журналистер клубының төрағасы А.Кеңесұлы өз сөзінде байқау барысында қазақ қоғамынының шынайы, табиғи мүшесі, әбден кіріккен, осы елге жан-тәнімен қызмет етіп жүрген жандар туралы материалдар қолдау тапқандығын айтты. Сондай-ақ, ол бұл марапатты престижді, танымал байқауға айналдырып, «Үркер», «Тұмар» сыйлықтарының қатарына арнайы «Шаңырақ» номинациясын енгізуді ұсынды.

​Байқауға республикалық, облыстық және этникалық БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада «Шаңырақ – 2022» шығармашылық байқауының жеңімпаздары естелік статуэткалар, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда