30 Қараша, 2022 79

ІІМ Астанадағы заңсыз шеру туралы: Олар Ақордаға беттемек болды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қараша күні Астанада рұқсат етілмеген шеруге шыққандар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Заңсыз шеру болды. Полиция қызметкерлері оның жолын кесті», - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, шеру кезінде 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылған.

«Ол шарада 300-дей адам болды. 1,5 сағаттан кейін Ақордаға қарай беттеу туралы үндеу тасталды. Олар көшеге шықты және олардың әрекеттерінде митингінің белгілері бар. Өйткені, дауыс зорайтқыштар болды, үндеулер айтылды. Ақордаға қарай беттеді. Сондықтан, біз олардың жолын кесіп, тоқтатуға мәжбүр болдық. Ұйымдастырушы ұсталып, 15 тәуліктік әкімшілік жауапқа тартылды. Біз олардың қандай талап қоятынын күтіп тұра алмадық. Өйткені, заңсыз шерудің өзі – әкімшілік құқық бұзушылық», - деді Игорь Лепеха.

Бұған дейін елорда полициясы қалада болған митингіге қатысты жағдайды түсіндірген еді.

Сондай-ақ, полиция М. Әбиевке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама толтырғаны хабарланды.

 

 

Сурет ru.depositphotos.com/stock-photos


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда