29 Қараша, 2022 705

Атырау облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Атырауда мал ұрлаумен айналысқандар құрықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Атырау облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі ​ аумағында сиыр ұрлаған күдіктілерді  қолға түсірді. Осыған дейін  исатайлық тұрғын 3 сиырының жоғалғандығы туралы арызданған.  Полицейлер  40 және 39 жастағы бұрын сотты болмаған Құрманғазы ауданының тұрғындарын ұстады. Олар жәбірленушіге жалпы көлемі 1 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

- Атап өту керек, жыл басынан бері Атырау облысы аумағында 8 мал ұрлығы қылмысы орын алып , қылмыстың тіркелуі былтырғы жылмен салыстырғанда  75,0%-ға төмендеп отыр. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 5 мал ұрылығы ашылды. Сонымен қатар, 28 -30 қараша аралығында Атырау облысы көлемінде мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізіліп жатыр, - деді Атырау облысы Полиция департаменті Криминалдық Полиция басқармасының бөлім бастығы ​ Абай Жұмабаев.

 

​Атырау облысының полицейлері  төрт түлікті арнайы  ұйымдастырылған жайылымда жаю, міндетті түрде ен салу, малды қорада ұстау кезінде шығып кетпеуін қамтамасыз ету,  күзету құралдарын, түнгі уақытта жарық түсіргіш және тиек құрылғыларын орнату қажеттігін ескертеді.

 

Сурет ашық дереккөздерден алынды

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда