29 Қараша, 2022 198

Атырауда «Шындықты ту еткен жазушы» атты кітап көрмесі өтті

Атырауда жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Шындықты ту еткен жазушы» атты кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Көрмеге жазушының көпшілік оқырмандарға арналған баспа түріндегі «Қазақтың жүз романы» қатарына енген «Дауылдан кейін» романы, бес томдық шығармалар жинағы, «Өмір белестері» атты жазушының дәуір бейнесін баяндайтын туындылары қойылды.

Сонымен қатар орыс тілінде жарық көрген «Миллионер», «Очевидец», «После бури» романдары, «Избранное» шығармалар жинақтары, зағип оқырмандарға арналған дыбыстандырылған «Көз көрген» романы оқырмандарға насихатталды.

Оқырман залында зағип жандар үшін жазушының өмірбаяны мен еңбектері дауыстап оқылды.


- Дауыстап оқу сағатында «Бір кезде төрт алып иін тіресіп қатар жүретін: Әуезов, Мұқанов, Мұстафин, Мүсірепов» деген тіркестегі алыптың бірі, жазушы Ғ.Мұстафиның қазақ әдебиетінде алатын орны, оның шығармаларының ерекшеліктері мен құндылығы туралы оқырмандар толық мәлімет алды.  «Өмір белестері» атты еңбегіндегі жазушының өз өмірінде ой өзегінен өткізіп, ойлап-түйген, артына қалдырып айтып-жазып кеткен ой-пайымдары да оқырман назарына ұсынылды. Оқырмандар бұл іс-шарадан кейін жазушының шығармаларына деген қызығушылықтары оянып, романдарын қайталап оқуға ниеттенді, - деді тифлопедагог Гүлжанат Тастанбекова.  


Айта кетейік, аталған көрмеге 17 зағип жан қатысты.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда