29 Қараша, 2022 689

Атырауда Жаңабаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды

Облыс әкімі Серік Шәпкенов «Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын қабылдады.


Биыл байқауда қызылқоғалық Жаңабаевтар отбасы Бас жүлдені жеңіп алды. 1-орынды Исатай ауданынан келген Сағынғали отбасы иеленді. Жүлделі 2-орын Индер ауданынан келген Бейсовтар отбасына, 3-орын Исатай ауданынан келген Шобалаевтар отбасына бұйырды.

- Үлкен істерді қолға алып, ортаға үлгі болып, соңымыздан ерген ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген өздеріңізге ризашылығымды білдіремін. Балаларымызға ұлттық құндылығымызды дәріптей отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы - отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы.  Отбасы - кез келген мемлекеттің, кез-келген халықтың  - бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі, - деді Серік Шәпкенов.


«Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне қатысу үшін қала, ауданнан 77 өтінім түскен. Оның ішінде 16 отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, өңірлік комиссия шешімімен 4 отбасы жеңімпаз деп танылды.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда