29 Қараша, 2022 644

Құрманғазы ауданы Нұржау ауылындағы ауылішілік жол құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан Нұржаудағы ауылішілік жол салу жұмыстары биыл аяқталады, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 


Нұржау ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын жаяу жүргіншілер жолымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылы басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Атырау Жолдары» ЖШС-гі жүргізіп жатыр.


- Нұржау ауылдық округінің 8 көшесіне, атап айтқанда 10 шақырымға асфальт төсеу және 3,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолына құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған болатынбыз. Оның ішінде 7 шақырым жолға асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы толығымен аяқталды. Қазіргі кезде жолдың 9 шақырымына негізгі төсемелерін төсеу жұмыстары аяқталып, қалған 1 шақырымға құрылыс жұмыстары жүруде. Жол құрылысы жұмыстарында инерттік материалдардың тапшылығы, теміржол тасымалы сынды кейбір кедергілер болды. Дегенмен, жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғындар игілігіне тапсырамыз деп жоспарлаудамыз, - деді учаске басшысы Наурызбек Сабиров.


Айта кетейік, аталған құрылыс жұмыстарға 13 техника мен 16 жұмысшы жұмылдырылған.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда