28 Қараша, 2022 154

Атырауда дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир өтті

Атырауда №1 олимпиадалық резервтің мамандырылған балалар мен жасөсіпірімдер мектебінде дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында супер турнир және ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир өтті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникацияла


Дүбірлі додаға Атыраудан өзге Маңғыстау мен Оралдан келген 70-ке жуық садақшы қатысты. Турнирде жасөспірімдер фита нысанасына 10, 15, 20, 25 метр қашықтықта бақ сынады. Ересектер орта азия және жамбы нысанасы бойынша 35 метр қашықтықты көздеді.


- Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу. Федерация екі-үш айда бір облыс немесе қалааралық жарыстар өткізіп тұрады. Кеше 4-ші кезекті облыстық турнирімізді өткіздік, деді «BATU HAN ZHEBESI» облыстық федерациясының төрағасы және бас бапкері Марат Бексұлтан.


Жарыстың нәтижесі бойынша 10 жасқа дейінгі балалар арасында 1-орынға Мелиса Озкерим, 2-орынға Хайдаролла Асанұлы, 3-орынға Аслан Озкерим мен Сафия Сесигюзель ие болды. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 1-орынға Айдар Әділгерей, 2-орынға Әдемі Еркінғали, 3-орынға Ернар Махмет ие болды. Ересектер арасында 1 орынды маңыстаулық Али Сесигюзель, 2 орынды атыраулық Самал Сахибеден, 3 орынды манғыстаулық Асылбек Ұлықпанов пен Самал Зұлпыхаров алды.


Айта кетейік, «BATU HAN ZHEBESI» Атырау облысы бойынша аккредиттелген федерация. Бүгінгі күнде аталған федерацияда 25 спортшы жаттығуда. Жалпы облыс бойынша садақ өнеріне қызығушылықпен айналысып жүрген 50-ге жуық адам бар.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда