28 Қараша, 2022 439

Атыраудағы «Сарыайшық» базары мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.


Облыс орталығындағы құны 1,3 млрд теңге «Сарайшық» коммуналдық базары прокурордың актісі бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылды. Ол осыған дейін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару үшін жеке қолға берілген.

Тексеру барысында өзіне қабылданған шарттық міндеттемелерді орындамау, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тежеу бойынша кемшіліктер анықталды.

Осы ретте 17 қараша күні Атырау облыстық соты Атырау қаласы әкімдігінің прокурор ұсынысы негізінде берілген талап-арызы бойынша сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы шешім шығарды.

Әу баста бюджет қаражатына салынған базардың маңыздылығы жергілікті фермерлерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру болған еді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс прокуратурасы активтерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда