28 Қараша, 2022 356

ҚазҰУ ректорының ұлының өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры Жансейіт Түймебаевтың қайтыс болған ұлы - Елнардың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.


28 қарашада ақпаратты Бас прокуратура растады.

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысы бар адам күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 

Департамент күдіктінің 21 қазанда ұсталғанын түсіндірді.

2022 жылдың 11 қаңтарында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы - Елнар қайтыс болған еді.

Ол 6 қаңтар күні кешке сағат 18:35 шамасында коменданттық сағат басталмай тұрып, үйіне көлікпен қайтып келе жатқан. Назарбаев даңғылымен жоғары Сәтбаев көшесіне жетпей жол қиылысына тоқтайды. Сол сәтте оның көлігіне белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Алған жарақатынан Елнар сол жерде көз жұмды.

 

 

Сурет: Zakon.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда