26 Қараша, 2022 87

Жастар 2,5%-дық мөлшерлемемен несие ала алады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын несие беру шаралары қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы ОКҚ.


Оны беру шарттарымен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов таныстырып өтті.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастарға шағын несиелер беріледі. Оның пайыздық мөлшері - 2,5%-ды құрайды. Қазіргі кезде Ережелер жобасы жасалып,  «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Басты шарты - кепілдік болуы тиіс. Ол міндетті түрде үй болуы тиіс емес, бағалануы тең басқа да мүлік болуы мүмкін. Несие мөлшері – 5 млн теңгеге дейін. Берілу мерзімі – 5 жылға дейін. Егер қарыз ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында немесе ірі қара мал, жылқы асырау үшін алынса, онда 7 жылға дейін беріледі. Несие алған жастарға 1,5 жылға «каникулярлық кезең» ұсынылады, яғни, аталған уақытта олар ай сайынғы жарна төлеуден босатылады», - деді спикер. 

Оператор ретінде – Аграрлық несие корпорациясы белгіленіп отыр.

Фото: ҚР Президенті жанындағы ОКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда