26 Қараша, 2022 99

Полицияға хат жазған баланың арманы орындалды (+видео)

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов хат жазған ерекше баланың арманын орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


22 қараша күні Түркістан облысы Полиция департаментіне ерекше хат келді. Хат иесі – 12 жастағы Азамат Мүтәлі. Ол хатты Түркістан облысы ПД басшысы Мұрат Қабденовке арнап жазған. Онда ерекше балақай өзінің үй жағдайында білім алып жүргенін және өскенде полицей болуды, сонымен қатар электросамокатпен қыдыруды армандайтынын жеткізген. Азаматтың жазған хатын алып келген ұстазы Әсел Бимырзаева М.Қабденовпен кездесті. Облыстың бас полицейі ерекше балақайдың ұстазымен тілдесіп, Азаматпен жақын танысқысы келетінін және сыйлығын тез арада табыстау үшін үйіне баратынын айтып, келісті.

Келесі күні Мұрат Қабденов Азаматтың арманын орындау үшін сыйлығын алып, үйіне барды. Отбасы мүшелерімен, ұстазымен және полицей болуды армандайтын балақаймен жүздесті. Бас полицей жасөспіріммен жақын танысып, дастархан басында әңгімелесті. Ал Азамат болса, Түркістан облысы бойынша ПД басшысының үйіне келіп, оның арманын орындағанына алғысын айтты. Өңірдің бас полицейі М.Қабденов Азаматтың әжесі мен ата-анасына алғыс айтып, алдағы уақытта да облыстық Полиция департаменті тарапынан балаларды қуантуға бағытталған шаралар жалғасын табатынын жеткізді.
 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда