25 Қараша, 2022 104

Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында ойын алаңы пайдалануға берілді

Тұщықұдық ауылында жаңы ойын алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Аталған ойын алаңы ауылдың Резведка ықшам ауданында орналасқан. Алаңның мердігері «G-Service» жеке кәсіпкерлігі. Құрылыс жұмыстары биыл шілде айында басталған болатын. Ауданы 300 шаршы метр ойын алаңында 10 ойын қондырғысы орналастырылған.

 

- Ойын алаңының ашылуы балалар үшін үлкен қуаныш болды. Мұнда тербелетін, шайқалатын, секіретін, жүгіретін, тағы да басқа қозғалыстарға негізделген ойын қондырғылары орнатылған. Яғни балаларға бір жағынан ойнайтын жер болса, екінші жағынан дене шынықтыру үшін керемет орын болып отыр. Сондай-ақ айналасы қоршалған алаң әрі қауіпсіз.
Жалпы ауылда спортқа көп бөлініп жатыр. Осыған дейін кіші футбол алаңы пайдалануға берілсе, оған қоса спорт кешені де бой көтеріп жатыр. Аталған құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда, - деді Тұщықұдық округінің әкімі Айбатыр Бекішұлы.

 

Айта кетейік, Исатай ауданында жалпы 27 мыңнан астам халық тұратын болса, Тұщықұдық ауылында 5370 тұрғын бар.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда