25 Қараша, 2022 83

Атыраулық полицейлер 1800-ге жуық қорғау нұсқамасын шығарды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Ағымдағы жыл басынан бүгінге дейін Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инс­пекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары  ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңының 20-бабы басшылыққа ала отырып,  1723 азаматқа қорғау нұсқамасын шығарған. Бұл 1723 жәбірленушінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгендігін білдіреді.

ҚР Конституциясының 27-бабында: «1. Неке мен отбасы, ана мен әке жә­­не бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті»делінген. Заңда белгіленген мін­дет­терге қарамастан отбасы тұрмыстық қатынастар аясында ерлі-зайыптылар және ата-ана мен ересек балалар арасында осындай жайсыз көріністер сақталып отыр. Заңның басым бағыттарының бірі отбасын қолдау және сақтау болғандықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір адам Заң аясында қорғауда болады.

Елімізде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндер саны артып келеді. Мұндай келеңсіз жағдайларға көбінесе қоғамның әлсіз топтары әйелдер мен балалар, қарттар ұшырайды. Көп адамдардың пікірінше, отбасылық зорлық-зомбылық тек күйеуі мен әйелі арасында орын алады, алайда деректер ересек балалардың қарт аналары мен әкелеріне сыйламаушылық танытып, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын алатынын көрсетіп отыр.

 

 

Сурет www.inform.zp.ua/ru


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда