25 Қараша, 2022 58

Тоқаевты ұлықтау рәсімі телеарналардан көрсетіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі республикалық телеарналардан көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"2022 жылғы 26 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі республикалық телеарналарда, интернет-ресурстарда, сондай-ақ, Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарының тікелей эфирінде көрсетіледі", - делінген хабарламада.

 

 

Сурет kaz.tengrinews


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда