25 Қараша, 2022 141

Атыраулық полицейлер 9 келіге жуық марихуана сақтаған күдіктіні ұстады

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.


16 қараша күні Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтаған 1973 ж.т., күдіктіні анықтады.

Сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес салмағы 8 кг 867 гр құрайтын тәркіленген 206 дана полиэтилен қапшықтағы заттар кептірілген марихуана өсімдігі екендігі расталды.Күдікті облыс орталығының тұрғыны ұсталып, қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда