21 Қараша, 2022 3180

Жүргізуші көз жұмып, жолаушы ауруханаға түсті

Доссор-Бейнеу тасжолында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, оқиға 19 қараша күні болған. Жол апатына жылдамдықты арттырған Kia Rio көлігі себеп болуы мүмкін. Өкінішке орай, 39 жастағы жүргізуші оқиға орнында жантәсілім еткен. 35 жастағы жолаушы Жылыой аудандық ауруханасына түсті.

Фото: иллюстратив

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда