21 Қараша, 2022 802

«Мен болашақ үшін дауыс бердім»

Елімізде өте маңызды тарихи оқиға – кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Әрбір қазақстандық өз сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады.


Өйткені, дәл осындай күндерде мемлекеттің болашағы шешіледі. Яғни, өзіміз өмір сүретін, бала өсіріп, соның игілігі үшін қызмет ететін еліміздің қандай бағытта дамуына байланысты маңызды мәселеге орай таңдау жасаймыз. Мен бүкіл әлемге үлгі болатын мемлекет үшін дауыс бердім. Әрі олай боларына да сенімдімін. Өйткені, бейбітшілік, келісім, өзара түсіністік, бірлік – Қазақстанның басты күші. Осы тұста тағы бір айтарым, мемлекеттен жақсылық күте отырып, біз өзімізге де: «Мен өз еліме не бере аламын, не істей аламын?» деп сұрақ қоюымыз керек. 
 

Людмила ЛИ, 
«Тхоньил-Атырау» этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда