18 Қараша, 2022 175

Жайықта не болып жатыр?

Атырауда Жайық өзені жағасын бекіту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Махамбет ауданында Жайық өзені жағасының 4,5 шақырымын бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөнінде Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы құны 12 млрд 136 мың теңге болатын жобаның құрылысын "Павлодар Өзен Порты" АҚ былтыр қыркүйек айында бастаған болатын.

- Жаға бекіту жұмыстары жағаны қазу, топырақты күреу жұмыстарынан басталды. Күні бүгінге 1337 дана темір бетонды қадалық іргетастарын орнату, 3874 дана AZ-18-800 маркалы металл шпунттар жеткізу, 8445 м3 үйінді тастар жеткізу жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта 2247 дана шпунт қағылып, 2220 м3 үйінді тастар орнатылды, деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиев.

Оның айтуынша, жаға бекіту жұмыстары 2023 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда. Жұмыстар біткен соң ұзындығы 4 шақырым, ені 3 метр жерге тас төсем төселеді. Отырғыштар мен жарық шамдары орнатылып, балаларға ойын алаңы салынады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін серуендеуге арналған алаң бой көтермек.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда