14 Қараша, 2022 271

Жылыой қоқыстан тазартылуда

Жылыойда стихиялық қоқыс тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауданда «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының ғарыштық түсірілімі қызметі арқылы 55 стихиялық қоқыс алаңы анықталған. Оның ішінде Құлсары қаласында 51, Жаңа Қаратон кентінде 2 және Қосшағыл ауылында 2 қоқыс алаңы орналасқаны белгілі болды.

Осыған орай, әкімдіктің тапсырмасымен «Промэкология» ЖШС-нің жанынан стихиялық қоқыс алаңдарын тазалау үшін жұмыс тобы құрылды.

– Құрылыс қалдықтарын тазартуға 10 жұмысшы мен 8 арнайы техника тартылды. Осылайша 55 қоқыс алаңының 30-ы тазартылып, олардан 1000 тонна қоқыс шығарылды. Жиналған қоқыс «ЭкоҚалаХХІ» ЖШС-нің арнайы полигонына тапсырылды, - деді аудан әкімі Жұмабек Қаражанов.

Айта кетейік, ауданда қыркүйек-қазан айлары тазалық айы болып бекітіліп, Құлсары қаласы мен кент және ауылдық округтерде 5 рет сенбілік ұйымдастырылды.

 

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда