10 Қараша, 2022 321

Құлсары қоқыстың астында қалды...

Құлсары қаласында 51 стихиялық қоқыс алаңы бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Бұдан бөлек, Жаңа Қаратон мен Қосшағыл ауылдарының әрқайсысынан осындай екі алаң анықталған. Жуырда солардың жартысынан 1 мың тонна қоқыс шығарылып, «Экоқала ХХІ» ЖШС-нің арнайы полигонына тапсырылды,

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов бұған құрылыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге лақтыратын тұрғындарды кінәлайды. Сәйкесінше, қоқыс алаңдарын тазалау мақсатында «Промэкология» ЖШС жaнынан арнайы жұмыс тобы да құрылыпты.

Фото: иллюстратив

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда