06 Қазан, 2022 219

Ресей шекарасынан күніне 2 мың адам әрлі-бері өтеді

Атыраудағы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округінде орналасқан Котяев шекара бекетінің арғы беті толған ресейлік нөмірлі жеңіл автокөліктер. Қиғаш өзені үстіндегі көпірдің Ресей жағынан бері шұбатылған жолаушылардың дені өзге ұлт өкілдері.


Шекарашылар бермен қарай етушілердің көбейіп кеткенiн айтады. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментi Кұрманғазы автокөлiк бөлімінің басшысы Руслан Жарылқасымов Қазақстанға жетушiлер туыстарына немесе жумыс iздеп, кейбiрi саяхаттап келе жатқанын айтады.
- Бұл жерден күніне 500 жүк көлігі, 300 жеңіл автокөлік, 1500 2000 адам әрлі-берлі шығады. Әрбір адамды тексеруге - 3, автокөлiкке -15, жүк көлігіне -20, автобуска-25 минут жұмсалады. Бірақ, кешеден берi жеңiл автокөліктер саны бiрнеше ecere көбейіп отыр. Шектеу қоюға келсек, біз Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындагы өзара келiсiмдер мен шекара кызметiнiн заңдылықтарына сәйкес жумыс жасап отырмыз. Құжаттары дұрыс болса, базаға салып тексергенде кылмыс жасаған, іздеуде жүрген адам болмаса өткiземiз, - деп жауап қатты ол.
Жолаушы тасымалымен айналысатындар Котяев ауылы мен Атырау қаласының арасына бағаны бірнеше есеге өсірген. Қиғаш бойының тұрғындары таксилердің дені шекара жақта жүргенін, екі арада автобус болмағандықтан, қалаға бару қиындап кеткенін айтады. Бір басына 80 мың теңгеге дейін сұраған сон амалсыздан Құрманғазы ауылына келiп мiнген.


  Қанат ҒҰМАРОВ

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда